Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан жолаушы көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан жолаушы көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz

25 шілде күні сағат 23:00 шамасында Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Ақтөбе – Астрахань автожолының 242-шақырымында Ақтөбе қаласы жағынан Байғанин кенті бағытында  Газ автокөлігімен соқтығысқан.


Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің бір жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал екі жолаушы Байғанин ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру