Ақтөбе облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушісі мен жолаушы қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де Хромтау ауданы Бөгетсай кентінің маңында «Самара-Шымкент» автожолының 909 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды.
Nissan PRIMERA автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі «Самара-Шымкент» автожолында алдын ала болжам бойынша қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Қырғызстан азаматының басқаруындағы Мерседес-BENZ жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан NISSAN PRIMERA көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
– Автокөлік руліне шаршаңқы күйде отыруға болмайды, жылдамдық режимі мен маневрді басып озу ережелерін қатаң сақтау қажет, себебі жол қателіктерді кешірмейді, – деді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.