Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам зардап шекті
Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 тамызда Lada автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Алға ауданы Бестамақ кентінің жанындағы «Ақтөбе-Астрахань» автожолының 26 шақырымында Ақтөбе қаласы жағынан Бестамақ кенті бағытында келе жатып, басып озған кезде бұл маневр қарсы бағытта келе жатқан көлік құралдарына кедергі келтірмейтініне көз жеткізбей, 30 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Opel автокөлігімен соқтығысуға жол берген.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Opel автокөлігінің жүргізушісі екі жолаушымен Алға орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
– Басып озудың қиындығы мен қауіптілігі мынада: жүргізушіге қысқа уақыт ішінде маневр жасаудың қауіпсіздігіне әсер ететін көптеген факторларды есептеуге тура келеді. Бұл өз автомобилінің траекториясын бақылау, басып озылатын көлік құралының жылдамдығы мен ұзындығы, көлік құралдарына қарай қозғалатын қашықтық пен жылдамдық болып табылады, – деп қосты Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.