Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қыркүйекте Lada автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі «Ақтөбе-Орск» автожолымен Ауыл шаруашылық колледжіне қарама-қарсы келе жатып, жолда кедергі немесе қауіп туындаған кезде жылдамдықты төмендетпей, жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан 42 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
ЖКО фактісі негізінде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.