Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзудың 190 фактісі анықталды.

Ақтөбелік полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 7-16 маусым аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында облыстың автожолдарында 3 700 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолы кесілді. Оның ішінде мас күйде көлік құралын жүргізгені үшін 65 жүргізуші, қарама-қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығу бойынша 60 тұрғын, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермегені үшін 150 жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 160-тан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушінің  көлік жүргізуі бойынша 114 фактісі, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзудың 190 фактісі анықталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР ЖҚЕ сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға  шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру