Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік басқарған
Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 желтоқсанда патрульдік полиция ротасының қызметкерлері сағат 08:00 шамасында Ақтөбе – Орынбор автожолының 75-шақырымында Шахман жүк көлігін тоқтатқан. Жүк көлігін Мәртөк ауданының 45 жастағы тұрғыны басқарған.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің бұрын 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды, соған қарамастан ер адам қайтадан есірткіге масаң күйінде көлік жүргізген.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.