Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жұмысшылар жұмыс орнынан мыс орамасын ұрлап кетті

Ақтөбе облысында жұмысшылар жұмыс орнынан мыс орамасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 тамызда Мұғалжар аудандық полиция бөліміне ірі ұйымдардың біріндегі директордың орынбасарынан ұрлық туралы арыз түсті. Өтініш беруші Мұғалжар ауданы Сағашилі ауылының аумағында белгісіз тұлғалар газ құбырларының қорғаныс тогын автоматты түрде тұрақтандыруға және қолдауға арналған алюминий және мыс орамасын ұрлап кеткенін айтты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күзет фирмасының қызметкерлері қылмыс жасалған жерде екі күдіктіні ұстады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.

Күдіктілердің бірі осы ұйымның қызметкері екені белгілі болды. Ұрланған зат тәркіленіп, шығын анықталуда. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша ұрлық туралы қылмыстық іс тергелуде.

Бұдан басқа, күдіктілердің Алға, Темір аудандарының аумағында ұқсас ұрлық жасауға қатысы бар екені анықталды.
Ақтөбе облысының ПД кәсіпорындарға қазыналық мүлікті қараусыз қалдырмауға, бейнебақылау жүйесімен жабдықтауға кеңес береді. Мұндай жағдайларда полицияға “102” нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру