Ақтөбе облысында жүргізуші электр жарығының металл тірегіне соқтығысты: жаяу жүргінші зардап шекті
Ақтөбе облысында жүргізуші электр жарығының металл тірегіне соқтысып, жаяу жүргінші зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 мамырда Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі Хромтау ауданының Дөн ауылындағы Тұрлыбеков көшесімен жүріп келе жатып, электр жарығының металл тірегіне соқтысып, тірек жаяу жүргіншіге құлап кетті.
Жол көлік оқиғасы салдарынан 35 жастағы жаяу жүргінші Хромтау ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, көлік жүргізушісі масан күйде болғаны анықталды. Көлік полиция бөлімінің ауласына қойылды. Тергеу жұмыстары басталды.