Ақтөбе облысында жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші құрықталды
Ақтөбе облысында жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қыркүйек күні шамамен сағат 23:00-де Кеңқияқ кентінен 7 шақырым қашықтықта 55 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Renault Duster автокөлігі тоқтатылды.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылып, мас күйінде көлік жүргізгені анықталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және мас күйіндегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жүргізуші Темір ауданы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.