Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 337 ЖКО орын алды

Бүгін Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі базасында ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиевтің қатысуымен брифинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе облысында жазғы маусымның басталуымен, демалыс және саяхаттау кезеңімен жол-көлік оқиғаларының фактілері жиілеп кетті. Қанат Алиевтін айтуынша, жыл басынан бері облыс жолдарында 337 жол-көлік оқиғасы орын алып, 58 адам қаза тауып, 448 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Тек тамыз айында 5 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 20 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алған. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен осы жылы 65 жол-көлік оқиғасы орын алды. 7 бала қаза тауып, 74 бала ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы.

Қарсы жолаққа шығып кету салдарынан 13 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 7 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алды. Жылдамдықты шамадан тыс асыру салдарынан 169 жол-көлік оқиғасы орын алды, 32 адам қаза тауып, 234 адам жарақат алды. Ерекше алаңдаушылық туғызатыны шетелде тіркелген көлік жүргізушілерінің жолдағы тәртібі.

Жыл басынан бері шетелде тіркелген көлік жүргізушілерінің кінәсінен болған жолдардағы барлық жол-көлік оқиғаларының 38,2% құрап отыр. (129 жол-көлік оқиғасы орын алып, 18 адам қаза тауып, 196 адам ауруханаға жатқызылды).

– Құрметті жүргізушілер! Осы сәтті пайдалана отырып, жолда жүру ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймын. Ұзақ сапарға шығуды жоспарласаңыз, көліктің техникалық жағдайын тексеріп, жолға шығар алдында жақсылап тыныққан жөн. Жолда шаршағаныңызды сезсеңіз, жол бойындағы кемпингтерге тоқтаңыз. Өзіңіздің де, жақындарыңыздың да, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеңіз, – деп қортындылады Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығының бірінші орынбасары Қанат Алиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру