Ақтөбе облысында жыл басынан бері 81 велосипед ұрланған
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 81 велосипед ұрланған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Статистикаға сәйкес, тұрғын үйлердің кіреберістері — велосипед көп ұрланатын жерлердің бірі. Мысалы, 7 тамыз күні кешкі уақытта тұрғын үйлердің бірінің ауласынан ер адам Stels велосипедін ұрлап кеткен.
Иесі велосипедін кіреберістің алдында құлпсыз қалдырған. Күдіктінің жеке басы анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кететін бір жайт, Ақтөбе облысында жыл басынан бері 81 велосипед ұрланған