Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жыл басынан бері абаттандыру ережелерін бұзудың 99 фактісі анықталды

Ақтөбе облысында жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен абаттандыру ережелерін бұзудың 99 фактісі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы оқиғалардың бірі Әуеқалашығы ауданында тіркелді. Бейнебақылау камералары түнгі уақытта аталған аудан тұрғындарының бірінің тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерге ірі көлемді қоқыс тастағанын анықтады.

Осы орайда тұрғындарға ірі көлемді қоқыстарды, атап айтқанда ескі жиһаздарды (диван, шкаф), есіктер мен терезе жақтауларын, сондай-ақ құрылыс материалдарының қалдықтарын ортақ пайдаланылатын контейнерлерге тастауға қатаң тыйым салынатынын ескергені дұрыс.

Мұндай қалдықтар тұрғындар тарапынан өз бетінше немесе көршілермен бірлесіп жүк көлігін жалдау арқылы арнайы полигондарға шығарылуы тиіс. Қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға арналған арнайы техника ірі көлемді заттарды нығыздауға (престеуге) бейімделмеген. Ірі заттарды престеу қоқыс таситын көлік тетіктерінің істен шығуына әкеп соғуы мүмкін.

Полиция ескертеді: қалдықтарды рұқсат етілмеген орындарға тастау абаттандыру ережелерін бұзу болып табылады. Бұл құқық бұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіштен бастап айыппұл қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру