Ақтөбе облысында жыл басынан бері түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 25 жасөспірім анықталды
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 25 жасөспірім кәмелетке толмағандарға қатысты түрлі құқық бұзушылықтар мен 54 қылмыс жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ювеналдық полиция инспекторлары күн сайын жергілікті рейдтік жұмыстар жүргізеді.
Жасөспірімдердің мінез-құлқы ең алдымен үйдегі тәрбиеден туындайды. Ата-аналардың баланы қалай тәрбиелейтіні, үйде өзін қалай ұстайтыны өте маңызды. Балалар ең алдымен ата-анасынан үлгі алады. Ақтөбе облысында жыл басынан бері 25 жасөспірім кәмелетке толмағандарға қатысты түрлі құқық бұзушылықтар мен 54 қылмыс жасаған.
– Балаңызды бақылаңыз, достарын, олардың байланыс нөмірлерін біліңіз, балаңыздың ұялы телефонын тексеріңіз, сондай-ақ қандай сайттарға кіретінін және қазір не ұнататынын біліңіз. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларының қала жолдарында көлік жүргізетінін білмеу фактілері де тіркелген, – дейді Ақтөбе облысыны бойынша ПД