Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жыл басынан бері жасөспірімдер жасаған 46 қылмыс тіркелген

Ақтөбе облысында жыл басынан бері жасөспірімдер жасаған 46 қылмыс тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы Полиция департаментінде девиантты мінез-құлықты 293 кәмелетке толмаған және 402 бала тәрбиеленетін 385 қолайсыз отбасы есепте тұр. Осы жылдың 8 айында кәмелетке толмағандар 46 қылмыс жасады, девиантты мінез-құлықты 464 жасөспірім, 358 қолайсыз отбасы ішкі істер органдарына есепке қойылды, онда 376 бала тәрбиеленуде, оларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында осы жылдың басынан бастап кәмелетке толмағандарға қатысты 3888 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Видео мұнда

– Кәмелетке толмағандардың үйден тыс жерде болуының 3429 фактісі, ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауының 134 фактісі, кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылықтың 9 фактісі, алкоголь өнімдерін сатудың 138 фактісі, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болуының 106 фактісі, кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатудың 17 фактісі орын алды, – деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының аға инспекторы Нұржан Мукумов

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында полиция қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар», «Жолдағы балалардың қауіпсіздігі», «Каникул» сияқты түрлі жедел алдын алу іс-шараларын өткізуде, соның нәтижесінде көптеген ата-ана балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру