Ақтөбе облысындағы 7 шетелдік азамат елден шығарылды
Ақтөбе облысындағы жеті шетелдік азамат елден шығарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, заңсыз қызмет түрімен айналысатын шетелдіктерді анықтау, республика және облыс аумағында шетелдіктерді бақылауды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 6-12 желтоқсаны аралығында "Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 200-ден астам адам, оның ішінде шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеті шетелдік ҚР аумағынан шығарылды және ҚР шекарасынан заңсыз өтудің бір дерегі анықталды.