Ақтөбе облысының бас полицейі тұрғындарды қабылдады
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановтың кезекті қабылдауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Таңертең қабылдау бөлмесіне оннан астам ақтөбелік келді. Ол адамдардың полицейлермен қарым-қатынаста туындаған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ өтініш білдіргендерге кеңес беріп, олардың мәселелерін шешу жолдарын ұсынды.
Негізінен қылмыстық істерді тергеу, ҚР ЖКЕ бұзушылықтары бойынша айыппұл төлеу және учаскелік полиция инспекторларының жұмысына қатысты мәселелер қозғалды.
Сонымен қатар, көтерілген бірқатар мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне кірмеген, алайда барлығына олардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша ұсынымдар берілді. Барлық өтініштер бойынша Атығай Арыстанов бөлімше басшыларына оларды әрі қарай шешу үшін тапсырмалар берді.
Департамент бастығына жүгінген барлық азаматтар білікті көмек алды. Ведомство басшысы қабылдауға келген Ақтөбе қаласының тұрғындарын толғандырған барлық мәселелерді мұқият тыңдады.
Сонымен қатар, Facebook желісінде Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстановтың жеке парақшасы жүргізілуде, онда азаматтар жұмыс уақытында ведомство басшысына өздерін қызықтыратын барлық мәселелер бойынша өтініш білдіруге мүмкіндігі бар.
Естеріңізге сала кетейік, бұл күні ПД барлық аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің бастықтары да азаматтарды қабылдады. Азаматтарды қабылдаудың осындай күндері ай сайын жүзеге асырылады және облыс ПД бастығы онлайн қабылдауды апта сайын жұма күндері өткізеді, оған азаматтар 8 (7132) 936-303 телефоны бойынша жазыла алады.