Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының полицейлері 100-ден астам студентті тарихи орынға алып барды

Ақтөбе облысының полицейлері 100-ден астам студентті тарихи орынға алып барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастарға танымдық тәрбие беру, рухани және ұлттық құндылықтарды насихаттау, бабалардың батырлығын дәріптеу, тарихын құрметтеу, әрі мақтан етуге баулу мақсатында 14 және15 қараша күндері Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері студент жастарды қазақ халқының біртуар ұлы, халық батыры Есет Көкіұлы кесенесіне алып барды.

Ақтөбе қаласынан 44 шақырым жердегі Бестамақ ауылында орналасқан Есет батыр кесенесі – бірден-бір тарихы терең көркем ескерткіш.

Қазақстанның киелі жерлер географиясына енген тарихи орынға екі күнде полицейлермен бірге 23 колледжден барлығы 100 студент барды. Олар кесенеде тарихи тұлғаның рухына зиярат етіп, құран бағыштады. Сонымен қатар Есет батыр мемориалдық кешенін аралап, батыр бабаның ғибратты ғұмыры, қайсар батырлығы, ұрпақтары мен рухты сөздері туралы мол мәлімет алды. Әсіресе, XVIII ғасырдан жеткен батырдың сауыты мен тарихи хаттар жастарға ерекше әсер етті.

– Әрбір жас ұрпақ өз елінің терең тарихын, бабаларының ерлік істерін білуі және жадынан шығармауы тиіс. Мұндай тарихи экскурсиялар олардың патриоттық сезімін арттырып, бабалардың теңдесі жоқ ерлігін бағалап құрметтеуге, жастардың рухани дамуына, батылдық, адамгершілік сезімдерін нығайтуға үлкен ықпал етеді деп ойлаймыз, – дейді Ақтөбе қаласы ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Ботакөз Жалекешова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру