Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының полицейлері «Пәтер қауіпсіздігі» жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады

Ақтөбе облысының полицейлері «Пәтер қауіпсіздігі» жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу және жолынкесу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру, қылмыстың осы түрінің деңгейін төмендету мақсатында 7-10 қыркүйек аралығында «Пәтер қауіпсіздігі» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде учаскелік полиция инспекторлары 2,5 мыңнан астам түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, орталықтандырылған күзет пультіне қосылған күзет қызметін көрсету туралы 28 шарт жасалды, 450-ден астам пәтер қорғауға алынды. Бүгінгі күні орталықтандырылған бақылау пультінің дабылдарына қызмет көрсетуді 18 жылжымалы экипаждың 14 жеке күзет ұйымыжүргізеді.

Полиция департаменті жекеменшік пәтер иелерінің тұтыну кооперативінің өкілдері мен тұрғындарға үйлер мен жатақханалардың кіреберістерін домофондары бар металл есіктермен нығайту қажеттілігі туралы ескертеді. Абай болыңыздар! Пәтерлер мен үйлердің есіктерін ашық қалдырмаңыз, өйткені ұрлықтың көп бөлігі еркін кіру арқылы жасалады!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру