Ақтөбе облысының полицейлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады
Ақтөбе облысының полицейлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруын, жарылғыш заттар мен құрылғыларды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу және ашу мақсатында облыс аумағында 2021 жылғы 1-7 ақпан аралығында заңсыз сақталған атыс қаруын, жарылғыш заттар мен құрылғыларды тәркілеуге, сондай-ақ олардың түсу арналарын анықтауға бағытталған «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Осылайша, жеті күннің қорытындысы бойынша жалпы облыста тіркелген 8 447 атыс қаруы иелерінің 4 047-сі тұрғылықты жері бойынша тексерілді.Жедел алдын алу іс-шарасы аясында 223 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қаруды заңсыз сақтау – 11, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін – 149 және қаруды қайта тіркеуді бұзған 63.
Бұдан басқа, заңсыз айналымнан барлығы 104 дана заңсыз қару-жарақ заттары, оның ішінде: 13 дана атыс қаруы, 48 дана суық қару, 43 дана ойық және тегіс ұңғылы қарудың патрондары алынды.
Жалпы облыс бойынша 2 004 шаруа қожалығы тіркелген, онда 1 055 ШҚ бойынша атыс қаруын заңсыз сақтау фактілерін анықтау мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілген.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай жедел алдын алу іс-шаралары тұрақты түрде өткізілетін болады.