Ақтөбе облысының полицейлері такси жүргізушілері жасаған 30-дан астам бұзушылықты анықтады
Ақтөбе облысының полицейлері такси жүргізушілері жасаған 30-дан астам бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жолаушылар көлігінің, атап айтқанда таксидің қатысуымен болған ЖКО-ның жиілеп кетуіне байланысты Ақтөбе облысының аумағында тамыздың 23-і мен 26-сы аралығында «Такси» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Аталған жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушыларды коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасындағы тәртіпті жақсартуға бағытталған.
Алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелері және жолаушылар мен багажды такси автомобильдерімен тасымалдау ережелері талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Сондай-ақ, жүргізушілерді рейс алдында тексеру және таксиге техникалық тексеру жүргізіледі.
«Такси» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің 571-бабы (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша такси жүргізушілері жасаған 30-дан астам бұзушылықты анықтады.