Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының полицейлері жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады

Ақтөбе облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында 5-7 қаңтар аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Мереке күндері облыс бойынша тәулік бойы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға 800-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды.

Азаматтар полицейлерді көбіне отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қатысты шақырды. Үш күнде  отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 74 құқыққа қайшы әрекет анықталды.

Сонымен қатар үш күн ішінде облыс бойынша 70 қылмыс тіркелді. Кезекші тәулікте 41 қылмыс ашылды. Бұрыннан іздеуде жүрген бес адам ұсталды. Бұрын жасалған 36 қылмыс ашылды.

Аталған кезеңде барлығы 1700 әкімшілік құқық бұзушылық және тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтаудың 117 фактісі анықталды.

Сондай-ақ, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырғаны үшін 212 адам, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 202 адам, мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 18 адам, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 214 адам жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру