Ақтөбе облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тапты
Ақтөбе облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz
16 қазанда сағат 20:30 шамасында Қарғалы ауданы ПБ кезекші бөліміне Шалқар қаласының тұрғыны өтінішпен жүгінді. Әйел Бадамша ауылына қонаққа келгенін, онда аулада ойнап жүрген 5 жасар ұлы жоғалып кеткенін айтты.
Баланы іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
Іздеу барысында полиция қызметкерлері үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген баланы тауып, анасына тапсырды. Азаматша полиция қызметкерлеріне ұлын жедел тапқаны үшін алғысын білдірді.