Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының Полиция департаментінде қала еріктілерін марапаттау рәсімі өтті

2020 жылғы 8 желтоқсанда Ақтөбе облысының Полиция департаментінде қала еріктілерін марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент бастығы Атығай Арыстанов ведомство қонақтарына белсенді азаматтық ұстанымдары және ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қорғау және қамтамасыз ету ісіне көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Қала еріктілері салтанатты түрде Департамент бастығының атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Қоғамды, қоғамдық тәртіпті қорғауға және ішкі істер органдарына құқық бұзушылықтардың алдын алуға жәрдемдесу мақсатында 2004 жылғы 9 шілдеде «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заң қабылданған болатын.

Осы Заң қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың ерікті түрде қатысуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар желісін кеңейту және халықты құқықтық тәртіпті қорғауға тарту мақсатында «Жолаушылар тасымалы» ЖШС, «Вагон Сервис» ЖШС, «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» АҚ, Көлік және коммуникация колледжі, Экономика құқықтық колледжі, «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС және т.б. сияқты қаланың ұйымдары мен кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Сондай-ақ, патрульдеуге Жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысады.

Халықтың қажеттіліктеріне жедел ден қою, ашықтық және нәтижелі қарым-қатынасқа ұмтылу облыстық Полиция департаментінің саясатында басым болып табылатынын атап өткен жөн.

Еріктілер қоғамдық тәртіпті сақтауға белсене атсалысып, пандемия жағдайында Ақтөбе қаласының айналасындағы бақылау-өткізу пункттерінде кезекшілік ететін полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне азық-түлік жеткізуді де жүзеге асырды.

– Еріктілердің із-түзсіз жоғалғандарды іздестіруге жәрдемдесуін де ескеру қажет, бұл іздестіру аумағын кеңейтуге, жергілікті тұрғындардан жылдам сұрау алуға және соңында қиын жағдайға тап болғандарды құтқаруға мүмкіндік береді. Сіздердің арқаларыңызда біздің елімізде көп нәрсе жасалуда. Сіздерге қиын кезеңде игі істер жасағандарыңыз үшін алғысымды айтамын, – деп атап өтті Департамент бастығы.

Жалпы, жыл басынан бері полиция қызметкерлері мен еріктілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында көптеген ауыр құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолы кесілді.Іс-шара соңында Атығай Арыстанов қазақстандық қоғамның игілігі үшін одан әрі жемісті ынтымақтастықта болатындығына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру