Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының қалта ұрлығы орталығында 78 адам есепте тұр

Қалта ұрлығы дерегі бойынша Ақтөбе облысы орталығының есебінде 78 адам тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін ақтөбелік полицейлер қалта ұрлығының жолын кесу негізінде «Магистраль» кешенді жоспарлы шараны ұйымдастырды.

Бұл өткізілген шараның мақсатыоблысымызда орын алып жатқан ұрлық фактілерін болдырмау және тұрғындар арасында өз жеке мүліктерінің қолды болмауына байланысты қолданылатын шараларды түсіндіру.

Қалта ұрлығы қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Көбінесе қоғамдық көліктерде және адамдар көп жиналатын орындарда жасалатын қылмыс түрі. Қалта ұрлығы дерегі бойынша облыс орталығының есебінде 78 адам тұр. Осы қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті кешенді шаралар қолға алынады. Қабылданған кешенді шаралардың арқасында қылмыс көрсеткіші 58%-ға төмендеп отыр. Ол дегеніміз 2019 жылы 660 қылмыс тіркелген болса, осы жылы 237 қылмыс тіркеліп отыр, – деді Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетов.

Учаскелік полиция инспекторлары есепте тұрған адамдарды мекен-жайы бойынша тексеріп, табыс көзі және қандай іспен айналысып жүргенін бақылауға алады.

Бүгін учаскелік полиция инспекторлары есепте тұрған «қалта ұрлықшысының» пәтеріне барып, жолықты. Күдіктімен отбасының жағдайы мен денсаулығы жөнінде өзара әңгімелесу жүргізілді.

Шара соңында аялдамалар мен қоғамдық көліктерде қалта ұрлығымен айналысатын күдікті ұрылардың бейнелері салынған плакаттар ілінді. Бұл қалта ұрлығының алдын алуға септігін тигізеді. Азаматтарға жеке және құнды заттарына мұқият және айналасына қырағы болуды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру