Ақтөбе облысының ҚАЖД бастығы республикалық самбо күресінен жүлделі орын алғандарды марапаттады
Ақтөбе облысының ҚАЖД бастығы республикалық самбо күресінен жүлделі орын алғандарды марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының Щучинск қаласында самбо спорт түрінен өткен республикалық турнирге қатысқан Ақтөбе облысының ҚАЖ қызметкерлері жүлделі орындарды жеңіп алды. Аталған спорттық шара Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ұйымдастыруымен барлық облыстағы ҚАЖ қызметкерлері арасында өткізілді.
Еліміздің әр облысынан 65 ҚАЖ қызметкерінен құралған 11 команда қатысқан республикалық турнирде Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері жүлделі орындарды қанжығасына байлады.
71 келі салмақ дәрежесінде І орынға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кезекші бөлімшесінің аға инспектор-кезекшісі Азамат Нуртазин және 88 келі салмақ дәрежесінде І орынға Ақтөбе қаласының Астана ауданы пробация қызметі бөлімінің инспекторы Данияр Нуралин ие болды.
Сондай-ақ 58 келі салмақ дәрежесіндегі ІІ орынға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №9 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы Амангелді Бауыржан және 98 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі ІІ орынға Хромтау аудандық пробация қызметі бөлімінің ювеналды әділет тобының инспекторы Азамат Бақтыбаев ие болды. Ал жалпы командалық есепте Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД командасы 3-орынды қанжығасына байлады.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің имиджін қорғап, республикалық турнирден жүлделі оралған ҚАЖ қызметкерлері департамент басшылығының алғыс хатымен марапатталды.