Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғыны автокөлікті заңдастыруға көмектесемін деп екі азаматты алдаған

Ақтөбе облысының тұрғыны автокөлікті заңдастыруға көмектесемін деп екі азаматты алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұғалжар аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны арызданды. Ер адам сәуір айында әпкесінің танысы Ваз-21114 автокөлігін ресейлік есептен қазақстандық есепке қоюға уәде беріп, 125 мың теңге сомасында ақша қаражатын иемденгенін хабарлады.

Осы факті бойынша полиция қызметкерлері Алға қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Күдіктінің Мұғалжар ауданының тағы бір тұрғынынан осындай жолмен ақша алғаны анықталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті азаматтарды көлік құралдарына құжаттарды ресімдеу үшін барлық жағдайлар жасалған мамандандырылған ХҚКО-ларға барып, көлік құралдарын сонда заңдастыруға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру