Ақтөбе облысының тұрғыны сазан балығын заңсыз аулаған
Ақтөбе облысының тұрғыны сазан балығын заңсыз аулаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 сәуір күні Торғай өзенінен заңсыз 60-тан аса сазан балығын аулаған Ырғыз ауданының тұрғыны ұсталды. Полиция қызметкерлері тұрғыннан 10 балық аулайтын тор, 60-тан астам сазан балығын тәркіледі.
Қазіргі таңда заң бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Акция кезінде заңсыз балық аулау мен балық ресурстарын қорғауды бұзудың 13 дерегі анықталды.