Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғыны тергеу изоляторына телефон кіргізбек болған

Ақтөбе облысының тұрғыны жарық диодты шамға телефон жасырып, тергеу изоляторына кіргізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 70 мекеменің (тергеу изоляторы) режим және күзет бөлімінің қызметкерлері қабылдау бөлмесіне келген сәлемдемені тексеру кезінде жарық диодты шамның ішіне мұқият жасырылған ұялы телефон, SIM карта және ұялы телефон батареясын тәркіледі.

Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 32 жастағы облыс тұрғыны Н.Ж. ҚР ҚК-нің 190-бабымен айыпталушы танысына жеткізбек болған.

– Азамат Н.Ж өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру