Ақтөбе облысының тұрғыны тіркелмеген мылтықтарды заңсыз сақтаған
Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны тіркелмеген мылтықтарды заңсыз сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 маусымда Мұғалжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріне аудан тұрғынының қаруды заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Осы ақпаратты тексеру кезінде ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп Мұғалжар ауданының 25 жастағы тұрғынының тұрғылықты жеріндегі үйді санкцияланған тінту кезінде тіркелмеген ИЖ 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, ТОЗ-Б 16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, 55 патрон және 173 гильза табылды және тәркіленді.
Ер адам қару-жарақ пен оқ-дәрілер марқұм әкесінен қалғанын және оларды заңды түрде тіркеуге уақыты болмай жүргенін түсіндірді. Сараптама тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.