Ақтөбе облысының тұрғыны жұмыс орнынан ұрлық жасаған
Ақтөбе облысының тұрғыны жұмыс орнынан ұрлық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 тамызда Мұғалжар ауданының Ембі қаласында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның басқаруындағы Ваз-21074 көлігін тоқтатты.Тексеру барысында полицейлер автокөлік салонынан Хово жүк көлігінің бөлшектерін тапты (3 аккумулятор, 8 тежегіш төсем, 1 рективтік тартқыш, 7 серіппелі парақ, 10 метр мыс кабель).
Бұл қосалқы бөлшектер ВАЗ жүргізушісі жұмыс істейтін ЖШС-ге тиесілі екені анықталды. Мекемеге келтірілген залал шамамен 100 мың теңгені құрады.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.