Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғынынан 5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Ақтөбе облысының тұрғынынан 5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалау дерегі бойынша жедел іс-шараларды өткізу барысында Хромтау қаласының тұрғынын ұстады.

Күдікті жергілікті тұрғынға ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарататынын айтып, оны қорқытып, 5 млн теңге бопсалаған. Ол жәбірленушіден талап еткен ақшаның 3 млн теңгесін алып жатқан сәтінде ұсталды.

Ұсталған азаматтан полицейлер қолма-қол ақша мен телефонды тәркіледі.

ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру