Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғынынан заңсыз ауланған 75 келі сазан тәркіленді

Ақтөбе облысында заңсыз балық аулаудың кезекті фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 шілдеде Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, Құтикөл ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Масақ-көл су айдынында балықты заңсыз аулаумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.

Ауыл тұрғынынан жалпы салмағы 75 келіден асатын 139 сазан және бес балық аулау торы тәркіленді.

Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру