Ақтөбе-Орынбор автожолында жол-көлік оқиғасы болды
Ақтөбе-Орынбор автожолында жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қараша күні сағат 16.12-де патрульдік полиция ротасының кезекші бөліміне Таңерберген өзені мен Сарыжар ауылы арасындағы Ақтөбе-Орынбор автожолында жол-көлік оқиғасы болып, «Тoyota Corolla» және «Газ-53» автокөліктерінің соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты, онда»Тoyota Corolla» автокөлігінің жүргізушісі Мәртөк ауылынан Ақтөбе қаласы бағытында 33 км жүріп бара жатып рөлде ұйықтап, қарсы қозғалыс жолағына шығып, «ГАЗ-53» а/м-мен соқтығысқандығы анықталды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Тoyota Corolla» автокөлігінің жүргізушісі Мәртөк кентіндегі аурухананың аудандық бөлімшесіне жеткізілді.
Сараптама нәтижелері бойынша екі жүргізуші де масаң күйде емес. Көлік салонындағы жолаушылар зардап шеккен жоқ.
Құрметті жүргізушілер, жолдардағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Ұзақ жолға демалып, сергек күйде шығу, сонымен қатар көлік жүргізу кезінде өте мұқият болу өте маңызды. Сіздің өміріңіз өзіңіздің қолыңызда.