Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері 130-дан астам қаруды жойды

Ақтөбе облысының полицейлері 130-дан астам қаруды жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде полиция қызметкерлері 131 тегіс ұңғылы қаруды пешке салып жіберді. Олар: 109 бірлік аңшы қаруы, 21 газ және жарақат салатын тапанша, сонымен қатар бір электрошокер.

Иелері өз еркімен тапсырған және қылмыскерлерден алынған қару-жарақ сот шешімімен жойылуға жатады.

Қаруды пешке жібермес бұрын комиссия салыстыру жүргізді, содан кейін ғана мылтық бар сөмкелер қайта балқытуға жіберілді. Арнайы құрылған комиссия құрамына Полиция департаментінің, прокуратураның және басқа да қызметкерлер кірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру