Ақтөбе полицейлері 40 келі есірткі тәркіледі
Ақтөбе полицейлері 40 келі есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы бөлімшенің жауынгерлерін тарта отырып, Сүт зауыты ауданында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 32 жастағы жүргізушінің басқаруымен автокөлік тоқтатылды.
Тінту барысында автокөліктің жүк салғышынан салмағы 12 келіден асатын есірткі заты бар полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сондай-ақ санкцияланған тінту жүргізу барысында жалдамалы пәтерде ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік затының ішінен ақ түсті екі қап табылып, тәркіленді. Сараптама актісінің қорытындысына сәйкес автокөлікте және жалдамалы пәтерде алынған заттар жалпы салмағы 40 келіден асатын марихуана есірткі заты табылды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Күдікті қамауға алынды.