Ақтөбе полицейлері алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні анықтады
Ақтөбе полицейлері алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласы №1 полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айьуынша белгісіз ер адам одан 500 мың теңге алып, жақын шетелден әкелінген автокөлікті есепке қоюға көмектесуге уәде бергені. Алайда күдікті ақшаны алаяқтық жолмен иемденген. Яғни, уәде орындалмаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты, күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ұсталған адамның тағы бір эпизодқа қатысы бары анықталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Кейбір азаматтар жағдайды пайдаланып, белгілі бір сомаға автокөлікті есепке қоюды ұсынады. Ақтөбе облысының полиция департаменті осындай қызмет түрлерінен бас тартуды ұсынады.