Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері азаматтарды алдап, қомақты қаржыны қалтаға басқан күдіктілерді құрықтады

Ақтөбе облысының полицейлері азаматтарды алдап, қомақты қаржыны қалтаға басқан күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданды. Тексеру барысында жәбірленушіге онша таныс емес адам Астана қаласынан 7-20-25 бағдарламасы бойынша банк арқылы пәтер сатып алуға көмектесетінін айтып, оның 1,5 млн теңгесін иемденген.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында полицейлер 30 жастағы астаналық әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Сондай-ақ қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адам оған жер учаскесін сатуға уәде беріп, алаяқтық жолмен 1 млн теңгесін иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдіктінің ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.

Екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру