Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері есірткі курьерін ұстады

Ақтөбе полицейлері есірткі курьерін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласында «Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы облысының 30 жастағы тұрғынын ұстады.

Жеке тінту барысында ұсталған адам өз еркімен жол чемоданынан бір үлкен пакет, ішінде ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат ұсынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат салмағы 3 келіден астам кептірілген марихуана психотроптық заты болып шықты.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Жиналған дәлелдемелердің негізінде күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібінде ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру