Ақтөбе полицейлері кіреберістен велосипед ұрлаған күдіктіні анықтады
Ақтөбеде полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен велосипед ұрлығын жедел ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есет батыр тұрғын үй алабының кіреберісінен еркін қол жеткізу арқылы жасырын түрде Volcono спорттық велосипеді ұрланды. Шығын 56 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері үйдің кіреберісінде орнатылған бейнебақылау камерасының көмегімен күдіктіні анықтап, ұстады.
Күдікке ілінген 61 жастағы кісі ұрланған велосипедті сатпақ болған. Велосипед тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатыр.