Ақтөбе полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні анықтады
Ақтөбе полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қыркүйек сағат 04.00-де полиция қызметкерлері Заречный елдімекенінде М. Бабажанов көшесі бойында патрульдеу кезінде масаң күйде көлік жүргізген 31 жастағы ВАЗ-2199 автокөлігінің жүргізушісін тоқтатқан.
Құжаттарын тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан, медициналық куәландыру барысында оның мас екені дәлелденді.
Сондай-ақ тексеру кезінде жүргізушінің сот шешімімен үш ай бұрын көлік құралын басқару құқығынан сегіз жылға айырылғаны анықталды.
Қазіргі уақытта автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Жыл басынан бері облыста көлікті масаң күйде басқарған 66 жүргізуші анықталды.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерден алкогольдік немесе есірткіге масаң күйде көлік жүргізбеуін сұрайды, өйткені жазықсыз адамдар зардап шегуі мүмкін.