Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері үйсіз адамдардың түнейтін жерлерінің картасын жасады

Ақтөбе полицейлері үйсіз адамдардың түнейтін жерлерінің картасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көші-қон қадағалауын күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақтөбе облысында 29-31 қаңтар аралығында “Қысқы карта” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

ЖПІШ шеңберінде полицейлер жертөлелерді, шатырларды, кәріз люктерін, қараусыз қалған ғимараттар мен жылу трассаларын тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау және оларға әлеуметтік көмек көрсету үшін тексереді. Нәтижесінде тұрғылықты жері жоқ тұлғалар көбінесе көпқабатты үйлердің жертөлелерінде, Тургенев көшесіндегі орталық жылыту трассаларында және теміржол вокзалының жанында – 8 наурыз көшесінде түнейді деген қорытындыға келді.

Тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдардың тұру орындарын пысықтау кезінде қабылдап-тарату орнына 100-ден астам адам жеткізілді, тексеруден кейін 7 адам орналастырылды. Әрі қарай олар тұрғылықты жері жоқ адамдарды бейімдеу үшін әлеуметтік орталыққа баруға мүмкіндік алады, онда оларға бірнеше ай тұруға рұқсат етіледі. Мұнда кәсіби заңгер мен әлеуметтік қызметкер құжаттарды қалпына келтіруге және одан әрі жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру