Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері ұрланған көлікті басқа өңірге жеткізбек болған күдіктіні ұстады

Ақтөбе полицейлері ұрланған көлікті басқа өңірге жеткізбек болған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 сәуір түнгі уақытта Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдің ауласынан Lada Granta автокөлігі ұрланды. Иесі өзіне келтірілген залалды 3 млн теңгеге бағалады.

Полиция қызметкерлері “Автомобиль” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мамыр айында күдіктіні анықтап, автокөлікті эвакуатормен Алматыға жіберу кезінде ұстады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталғандай, күдікті автокөлікті оның есігін бұзып ашып, айдап кеткен. Ұрланған көлікті танысының гаражына жасырып, көлік құралын құжатсыз сату туралы хабарландыру берген. Ұсталған адам жеңіл автокөлікті оңтүстік астананың тұрғынына 250 мың теңгеге құжатсыз сатқанын айтты.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру