Ақтөбе полицейлері велосипед ұрлаған күдіктіні «ізін суытпай» құрықтады
Ақтөбе полицейлері велосипед ұрлаған күдіктіні «ізін суытпай» құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 тамыз сағат 20:00 шамасында Ақтөбе қаласында көппәтерлі үйдің кіреберісінен МТ Wolf велосипеді ұрланған. 45 жастағы велосипед иесі келтірілген залалды 55 мың теңгеге бағалады.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 45 жастағы күдіктіні «ізін суытпай» анықтап, ұстады. Ұрланған велосипед иесіне қайтарылды.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті ұрлықтан қорғаудың жалғыз кепілдендірілген әдісі – велосипедті қараусыз қалдырмау екенін еске салады.