Ақтөбе полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзып жүрген жүргізушіні анықтады
Ақтөбе полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзып жүрген жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 маусымда “Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері 36 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Estima автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушіде тіркеу құжаттары болмаған. Сондай-ақ тексеру барысында «Қорғау» жүйесінің камераларына осы автокөлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін (жылдамдықтан асыру) 13 рет бұзу дерегі тіркелгені анықталды. Айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 400 мың теңгені құрады.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.