Ақтөбе полицейлеріне 10 жаңа «Автоуроган» табысталды
Ақтөбе полицейлеріне 10 жаңа «Автоуроган» табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша және Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қолдауымен Ақтөбе полицейлеріне 10 «Автоураган» арнайы автокөліктерінің кілті табысталды.
Патрульдеу кезінде «Автоуроган» кешенін пайдалану бірінші кезекте автожолдардағы апаттылық деңгейін төмендетуге бағытталған. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында және республикалық маңызы бар трассаларда бес «Автоураган» жылжымалы кешені патрульдеуде. Бұл кешендер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 16 түрін, соның ішінде жылдамдық режимін бұзушылықты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, бұзушылықтарды тіркеу полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз, автоматты режимде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар автоматты режимде мемлекеттік борышкерлер, ұрланған, іздеуде жүрген көлік құралдары анықталады. Анықталған бұзушылықтар құқық бұзушылардың банктік қосымшаларына автоматты түрде түседі. Енді жаңа толықтырулар облыс жолдарындағы қауіпсіздікті одан әрі күшейтуге мүмкіндік береді.