Ақтөбе полиция қызметкері кәмелетке толмаған балаға анасымен көрісуге көмектесті
Ақтөбе полиция қызметкері кәмелетке толмаған балаға анасымен көрісуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екі күн бұрын Ақтөбе қаласының полициясына Тәжікстан азаматы 17 жастағы Х.Анушервон хабарласып, Алматы қаласына анасына баруға көмек сұрады.
Белгілі болғандай, жасөспірімнің ата-анасы ажырасып, анасы кіші ұлымен Алматыға кеткен. Үлкен ұлы Анушервон Ақтөбеде әкесімен бірге қалды, бірақ ол анасымен бірге кеткісі келді.
Ашуға бейім әкесі баласының төлқұжатын алып, жұмыс істеуге мәжбүрлеген, ұлына қол көтерген. Ақыр соңында, жасөспірім шыдай алмай, қашып кетті.
Полиция Анушервонның анасымен байланысқа шықты, ол бірден ұлына қарай жолға шықты. Анасы келгенге дейін полиция жасөспірімді ешқандай мекемеге орналастыра алмады. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында ПТР-тесті талап етілді, бірақ жедел түрде тест еш жерде жасалмады, әйткенде тест тапсырып, нәтижелерді дереу алып, кәмелетке толмаған баланы КБО-на орналастыруға болатын еді.
Жағдайдан шығудың жолын кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Алмас Жұмабаев тапты. Ол Анушервонды үйіне алып кетіп, анасы келгенге дейін жасөспірімге бас-көз болды.
Қазіргі уақытта жасөспірімнің анасы Мадина Ерматова келіп, ұлын алып кетті, енді ол анасымен бірге қауіпсіздікте. Бақытты әйел полиция инспекторы Алмас Жұмабаевқа көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Алмас Жұмабаев бесінші жыл Ақтөбе қалалық №1 полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы қызметін атқарып келеді.