Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полициясы білім мекемелерінің қауіпсіздігін тексерді

Жыл басынан бері Ақтөбе облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері өңірдегі бірқатар білім беру ұйымдары, оның ішінде колледж, мектеп, сонымен қатар оқушылар үйлері ғимараттарының терроризмге қарсы қорғалуын тексеруді жүзеге асырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексерулер барысында полицейлер ғимараттардың инженерлік-техникалық нығайтылуына, оның ішінде дабыл жүйесімен, бейнебақылау жүйесімен жабдықталуына, күзетілуіне, халықты хабардар ету жүйесімен жабдықталуына т.б. ерекше назар аударады.

Тексеру басталғалы Мұғалжар, Темір, Шалқар және Алға аудандарында орналасқан нысандардың басшыларының бекітілген қорғаныс талаптарын сақтамағандары анықталды. Сондай-ақ, қала аумағындағы 8 жеке мектеп тексерілді.

Полицейлермен анықталған бұзушылықтардың басым көпшілігі бейнебақылау жүйесі, турникеттермен, дабыл сигналымен жабдықталу саласында орын алған.

Анықталған бұзушылықтар бойынша жалпы көлемі 2 миллион теңге көлемінде айыппұлдар салынды. Сонымен қатар террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғанысы саласында бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары меншік иелерімен түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр.

Әсіресе балаларды қорғау шараларын күшейту мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысы бойынша білім басқармасына қарасты ТТО объектілер тізбесіне енген нысандардың басшыларына және оқушыларға терроризм актісі және өзге де төтенше оқиғалар қаупі туындаған кезде мінез-құлық қағидаларын меңгерту мақсатында, қазіргі уақытта облыста полиция қызметкерлері ақпараттық түсіндіру іс-шараларын өткізіп жатыр.

Ақтөбе облысы аумағында террористік тұрғыдан осал объектілер тізіміне енген облыстық білім басқармасына қарасты 276 нысан бар. Жыл соңына дейін олардың барлығы тексерумен қамтылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру