Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе қалта ұрлығы ашылды

Қалта ұрлығының тағы бір факті 15 маусым күні ақтөбелік полицейлермен ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 маусым күні кешке №15 автобустың салонында 21 жастағы ақтөбеліктін сөмкесінен сұры түсті әмиян ұрланды. Әмиянда 5900 теңге болған. Қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған 1979 жылы туған, қалта ұрысы ретінде есепте тұрған ақтөбелік жігітті қолға түсірді. Ер адам жасаған қылмысын мойындады, ұрланған әмиян мен ақша тәркіленді. Ұсталған адам ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Полиция департаменті ақтөбеліктерді қалта ұрысының құрбаны болмау үшін, әсіресе қоғамдық көлікте өзінің бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады. Көбінесе ұрылар сөмкелерін жабуды ұмытып, сондай-ақ өз ұялы телефондарын қолжетімді жерде қалдырғандарды пайдаланады. Қалта ұрлықтары автобуста жолаушылар көп болған кезді пайдаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру