Ақтөбе тұрғыны ОLХ алаяғына алданды
Ақтөбе тұрғыны ОLХ алаяғына алданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 наурызда Ақтөбе қалалық полиция бөліміне 22 жастағы қыз алаяқтық туралы өтінішпен жүгінді. Өтініш беруші OLX сайты арқылы өзінің кілемін сатуға шешім қабылдағанын айтты.
Хабарландыруды көрген алаяқ затты курьерлік сайт арқылы ресімдеген. Үшінші тараптың сайтына сілтеме жіберіп, нәтижесінде жәбірленуші банк картасындағы қаражатынан айырылып қалды.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.
Егер сіз алаяқтардың құрбанына айналсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.