Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 18 ата-ана өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

Ақтөбелік полицейлер «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасын қортындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілсіз болу және ойын-сауық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактілерін анықтау, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға алкогольді, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, сондай-ақ, ересектердің кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 15 мен 18 сәуір аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Жасөспірім» атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді.

Аталған жоспарлы ЖАІШ барысында ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда, жергілікті жерлерде және жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстарын жүргізді.

ЖАІШ жүргізілген нәтижесінде ІІБ-на 229 кәмелетке толмағандар жеткізіліп, оның ішінде 224 тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден 06.00 дейінгі аралықта бес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін жеткізілді.

18 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

ІІБ-ның есебіне 31 кәмелетке толмаған жасөспірім және 28 қолайсыз отбасы алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру